Шәмші Қалдаяқов - аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол - бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Шәмші шығармашылығының бағы жаңаша жанды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ш.Қалдаяқовтың ересен еңбегіне үлкен жанашырлық танытып, кеңестік қызыл империя кезіндегі әділетсіздіктерді қалпына келтірді.
Президент Шәкең шығармашылығына байланысты үш бірдей Жарлыққа қол қойды. Елбасының бірінші Жарлығымен оған Қазақстанның халық әртісі құрметті атағы (1991 ж.) берілсе, екінші Жарлығымен композитордың Менің Қазақстаным шығармасы Әнұранға (2006 ж.) айналды, ал үшінші Жарлығымен Шәмші Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2010 ж.) атанды.
Дара дарынның әндерінің республикалық, халықаралық байқаулары мен ән фестивальдарын өткізу дәстүрге айналды. Бұл орайда, Шәмші шығармашылығын насихаттаудағы белгілі шәмшітанушы, композитор Қалдыбек Құрманәлінің тынымсыз еңбегін атаған жөн. Шәмшінің туған жері Шәуілдірге, облыс орталығы Шымкентке ескерткіштері қойылып, мұражайларын ашу мемлекеттік дәрежеде қолға алынды.
Шырайлы Шымқалада Ш.Қалдаяқов атындағы саябақ ашылып, кезінде оның өзі жұмыс істеген Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясына, Алматы, Астана, Шымкент секілді үлкен шаһарлардағы көшелерге есімі берілді. Туған ауылы - бұрынғы Темір кеңшары - Шәмші ауылы деп аталды. Ал Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында Шәмші Қалдаяқов ауылы өмірге келді.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: