Қазақ тілі пәнінен 06.12 күнгі сабақ тапсырмасы: 3-тапсырма.Сөйлемдерден көнерген сөздерді теріп жазыңдар. Көнерген сөздің түрін анықтаңдар: 1.Қаламқас орта бойлы , ақ құба, отты қара көзді бойжеткен. Ақ шәйі көйлектің сыртынан қызыл бешпет киіпті. Аяғына кигені - мәсі. Басында - құндызбен ұсталған сәукеле. Шашына күмістен шашбау таққан. 2.Исатайдың сол күнде Ақтабан аты астында, Дулығасы басында... 3. Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес, салқындаған қалпында құяды. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы ұсынатыны , бар болса қымыз, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар болған.(С.Мұқанов) 4. Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады. Ақ сырмалы сауытты сұрағаным , Ер Төстік ер еді, сол кисін деп едім. Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. («Ер Төстік»ертегісінен) 5.Алмас қылыш сартылдап Алтынды жүген жарқылдап Найзасы аумай қолынан, Желі тұрып оңынан... 6.Бір қыз кетіп барады, Қара жорға мінгені, Қара торқа кигені... -Білегінің шырайы айбалтаның сабындай . -Көш алдында сұлудың Он қыз нөкер қасында.(«Қыз Жібек») 7.Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, әбдіре, жүк аяқ, жастық ағаш. 8.Өзге елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол
Answers & Comments
Ответ:
Көнерген сөздер
1)Ақ құба, бешпет
2)Дулыға
3)Саба, ас таттырмай
4)Төстік, тарғақ, сырма, уәзір, күншіл
5)сартылдап, жүген, аумай
6)жорға, торқа, көш, нөкер
7)кебеже, әбдіре, жүк аяқ, жастық ағаш.
8)сұлтан, ұлтан
Объяснение:Бұлар көнерген сөздер, себебі біз оны қазіргі таңда қолданбаймыз.
Қате болса кешір.