Қалидің Манапқа деген сезімі эссе срочноо керек пжж
Answers & Comments
Alimovva
Манап «Директор» Деген алтын жазулы кабинетті тез тауып алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып, нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалдырығын аттаған жан ең әуелі ашық қабақ пен жылы сөзді аңсап келетінін жақсы біле ме, директор саулығын, жол машақатын тәптіштеп сұрады. Ақыры директорлық мінезге аумай көшті, «Бұйымтайыңыз?» - деген сұрақты көлденең тартты. Манап шаруасын айтты. Дипломатының тістей қатқан кере қарыс аузын ашып, неше күн бұрын қаттап-бүктеп, шекесін темірмен қыстырып қойған қағаздарын шығарды. Директор кұжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды. Сонан соң бірнеше сұрақ қойды. Университетте оқиды, неше жылдан бері іздеу үстіне іздеу салып, Қалидың бұл күндегі мекен-тұрағын мына балалар үйін әрең тауыпты, анау жылдардан бері інісін көрген емес - Манаптың рет-ретімен қайтарған жауабы осы төңіректен щықты. Әр қайырма сайын басын бірде шайқап, кейде изеп, жігітті жылы шырайда тыңдаған директор саусақтарының буынын сыртылдатып үзіп отырды да, сөзге көшті... Кібіртіктеп бастаған директордың тұягы қыза келе жерге тимеді. Директор болғанына, міне, биыл табаны күректей он бес жыл. Одан бұрын оқу ісін басқарған. Былайша айтқанда, балалар үйі көз алдында қаз тұрды. Бірнеше жатақхана, спорт залы, әр қилы мамандыққа баулитын өндіріс шеберханалары, ну орманның ортасын ойған тынығу лагері - бәрі-бәрі балалар үйінің қазынасы.
Answers & Comments
Кібіртіктеп бастаған директордың тұягы қыза келе жерге тимеді. Директор болғанына, міне, биыл табаны күректей он бес жыл. Одан бұрын оқу ісін басқарған. Былайша айтқанда, балалар үйі көз алдында қаз тұрды. Бірнеше жатақхана, спорт залы, әр қилы мамандыққа баулитын өндіріс шеберханалары, ну орманның ортасын ойған тынығу лагері - бәрі-бәрі балалар үйінің қазынасы.