Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады. Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын. Себебі ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, жарық мына керемет өмірді сыйлады. Мен:
Answers & Comments
Ответ:

«Саған ешкім тең келмейді бұл өмірде,
Анашым қамқоршымсың мәпелеген.
Бір өзіңсің бойыма қуат берер,
Әрдайым тек алдыға жетелеген.
Бесікке бөледің сен, жырыңды айтып,
Ұйқысыз өткіздің ғой түндеріңді.
Анашым алтынымсың бағасы жоқ,
Ризамын сыйладың сен осы өмірді.