Ортағасырлық қаланың халқы бірнеше мың тұрғыннан тұрды. Шамамен 10 мың тұрғыны бар қала үлкен, ал, 40 – 50 мың адамы бар қала – аса зор қала болып есептеледі. Мұндай қалалар аса көп те болмады: Кельн, Прага, Лондон, Венеция, т.б. Бұлардан басқа, бір кездері 200 мың жылдан аса халқы болған Париж ерекшеленді. Үлкен қала мықты қорғанмен қоршалса, бүкіл қалалық өмір базар алаңы маңында қыз–қыз қайнады. Орталық алаңда шіркеу мен қалалық кеңес – ратушаның ғимараты орын тепті. Әдетте үйлер 3-4 қабаттан тұрып, тығыз орналасып, көшеге тек жіңішке қасбеті ғана шықты. Қала билігі көшелердің кеңдігі найза ұзындығынан қысқа болмауын талап етіп, бұл ережені бұзғандарға айыппұл төлетті. Алайда, бұл тек бірінші қабатқа ғана қатысты болды. Көшенің әр жағында тұрған биік үйлер бір–біріне «сүйкеніп» тұрды.
Answers & Comments
Ответ: