1-тапсырма
1. А) Мәтінді түсініп оқыңдар. Берілген мәтіннен 3 негізгі мәліметті табыңдар.
Ә) Берілген етістіктердi етiстерге айналдырыңдар.
Жасындай жарқ еткен жұлдыз
Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы карапайым отбасында дүниеге келген.
Бекзат
әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкулдiн кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан
өзге мектеп қабырғасындағы спорттык бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат,
Максат есімді балалары да спортты серік еткен екен. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз
болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын данкты боксшы шығады деп ешкім ойламаса
керек.
-
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне
катыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдын өсуін
тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден бокска бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында
Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте окиды.
1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала
бастайды.
Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынын
финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы
Сырлыкул Саттарханованын Серік Қонақбаев секiлдi Бекзат та чемпион болсын деген үлкен
арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан
қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзат - 18 жасында қажылыққа барған
мұсылман.
Бекзаттын кыска ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен
ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі додаға аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта
Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбіреген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына
көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдыкпен
женіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубоктi канжығасына байлайды.
Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстын үздік боксшысы деген
атақты еншілейді.
Бүгінде Түркістан каласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт
кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берiлдi. 2002 жылдан бастап
бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир етеді. 2010
жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы карсанында туған каласы Түркістанда Бекзат
Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.