Қазақ отбасындағы бала тәрбиелеу дәстүрлері өте көп әрі олар жақсы болып келеді, көрінеді. Бала – біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес, заңды құбылыс. Оның дүниеге келу себебі адамның адамға қажеттілігінде. Бала өмірге келгенде оның өз орны айқындалады. Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз-шексіздікті танып білуге ұмтылады. Баланың салт-дәстүрді толық білуі оның белсенділігін, білімге құштарлығын арттырады. Балаға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі. Себебі бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі, сондықтан баланың дүниеге шыр етіп келген күннен бастап есейіп азамат болып кеткен күніне дейін оған жан-жақты қамқорлық жасап, аялы алақанында әлпештеп өсіріп, тәлім-тәрбие берген. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен талай елді таң қалдырып келеді.Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері–салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне жүгінуім қажет. Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдар атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекешіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау ізгі дәстүрге айналған. Қасқа қатал, досқа адал болу – қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше, сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы жүргізу қажет деп ойлаймын. Қазақ халқы ұрпағын ерекше қадыр тұтқан. Бала-бауыр ет, балалы үй базар, баласыз үй мазар-деген баламалар ұлтымыздың өмір тәжірибесінен туған ой қорытындысының жауһары.
Answers & Comments
Ответ: