Достық-ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен куанышыңды да,қайғыңды да белісе аласың.Олармен бiрге кез келген қиындыққа төтеп беру-ең үлкен жеңістердің бірі.
Бұл өмірде адал дос та,амал дос та болады.Тек олардың аражігін айыра білу керек.Себебі,досың арқылы айналадағылар сені таниды."Жаман достан жақсы дұшпан артык демекші" жаныңдағы шынайы емес достардан қашық жүргенің абзал.Олар тек өз кара бастарын ғана ойлайтындықтан,сені тұңғиыққа батырып жібереді.
"Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келедi" деген екен ата-бабамыз.Расында,адамдар арасында татулык орнаса,алынбайтын қамал болмайды.Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке,татулыққа шақырған.Осылайша олар бір-екеу емес,бiрнеше болып жауға тойтарыс берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Бұл - біздің татулығымыздыӊ, достығымыздың көрсеткіші.Қандай жағдай болмасын,осы берекелі күнiмiзден айырылмауға тырысайық.Себебі,татулык пен достык - біздің таптырмас бақытымыз бен - байлығымыз.
Answers & Comments
Эссе
Достық пен татулык-таптырмас бакыт.