Қазақстанның кереметі болуға не лайық? Деген тақырыпқа эссе жазыңдар. Төменде берілген сұрақтарды пайдаланыңдар.
1.Керемет деп нені түсінесің? Кереметтер қатарына ену үшін қандай талаптар қойылады?
2.Қазақстанның кереметтерін есіңе түсір. Олардың бәрі бірдей болуға лайық па? Себебін түсіндір. Өз ұсынысың болса дәлелдеп жаз.
3.Адам қолымен жасалған кереметтерді жіктеп, саралап айтудың маңызы бар ма?
Ответ срочно 30 балл
Answers & Comments
Verified answer
Бұл сұраққа тек бір сөзбен немесе бір ұғыммен ғана жауап беру қиын. Себебі қай елдің болмасын өзіндік қайталанбас ерекше мәдени, тарихи, рухани мұралары бар. Сол ерекшелік әр халықтың кереметі болуға лайық деп ойлаймын. Мысалға, ұлан - байтақ еліміздің дархан даласының әсем табиғаты, сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан сәулет өнерінің мысалдары, қазіргі заманғы сәулет өнері, ұлттық тағам мен ұлттық қолөнер, өнер туындылары... Айта берсеңіз жетерлік.Осы аталғандардың ішінен өзімнің жанымаа жақын ұлттық қолөнерді атап айтқым келеді. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері. ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Қарап тұрсаңыз бұлардың өзі қайталанбас мұра, керемет олуға лайықты дүние емес пе?