1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде не туралы айтылғанын 3
сөйлемммен жазыңыз. Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты
жазыңыз.
Тындалым мәтіні.
«Көшпелілік
—
- көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық
даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Еуразия даласын мекендеген көшпелі
халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін
беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды.
«Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және
көршілес жатқан мекендерге де кол сұғуға болмайтындығын мойындау болды.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып,
табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат
ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері
маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырак Арқаның
теріскейiнде орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы эңірді жұрт ең
алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген.
Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр
бойынша маусымдық жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен, мал
кыстайтын жерлерден баскасын елдiң бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын
танып түсіну, оның ішкі заңдылықтарын терең білу, болжай білу
мұның бәрі
көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, дейді
ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), тек бақташы ғана меңгере
алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай
жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді
калыптастырады.» Малшылық егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені диқан табиғат
өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм
тәрізді.
1-сөйлем:
2-сөйлем:
3-сөйлем:
2 факт 2 көзқарас