1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіндегі белгіленген сөздермен сөйлем құраңыз.
«Айқап» журналында қазақтың тұңғыш журналист қыздары жұмыс істеген. Сақыпжамал Тілебайқызы,Мәриям Сейдалина,Күләйім Өтегенқызы -қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы журналистер.
Мариям Сейдалина (1891-1916) бала кезінен өлең шығарған.Айқап журналында ұлт жоғын жоқтаған мақалаларымен қатар Зарлау,Көздер,Тұр қазақ секілді жырлары жарияланған.1916 жылы куйеуі Сейілбек Жанайдаровпен бірге Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, қаза тапқан. Ол Невель қаласында жерленген.
Сақыпжамал Тілеубайқызы «Айқап» журналына озбырлықты,зорлық зомбылықты айыптаған мақалаларын жариялаған. Ол еркіндік, әйел бостандығы, өнер- білім секілді мәселелерді қозғаған. «Айқап» журналында «Қазақ қыздарының аталарына» «Мұңдастарыма-- бір-екі сөз» , «Ұзақ күткен үмітім һәм бас адамдарға бір-екі сөз» мақалалары жарияланған.Журналист қазақ қыздарының қалыңмалға сатылып, еріксіз ұзатылғанын жазған.
Күләйім Өтегенқызы «Айқап» журналын көркем- публицистикалық мақалаларын жариялаған.Ол да өлең жазған. «Қазақ қыздарына» деген өлеңін жариялағаннан кейін сол кездің қыз-келіншектері бостандықтарын алуға ұмтыла бастаған.
2. «Телефон – байланыс құралы» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1.Ат:Алғашқы қыз-журналист
Кешір бырақ белгіленген сұрақ корынбей тұр
2."Телефон- байланыс құралы"
Көптеген адамдар телефонды жай ойын құрылғысы деп санайды. Бірақ менің ойымша, телефон тек ойындарға ғана емес, байланысқа да арналған. Телефон арқылы біз басқа елде тұратын досымызбен сөйлесе аламыз. Жақын адамның бетін бірнеше секунд ішінде сол телефонмен көре аламыз. Телефон-бұл тірі кездесуге мүмкіндігі жоқ көптеген адамдар арасындағы байланыс. Мұны бәрі түсінеді деп үміттенемін.