1-тапсырма. Мақалдарды көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау. Ақылсыз адам айқайлай келеді, Жан-жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай-жай келеді, Жан-жағын байқай келеді. 2. Сыпайы киімді киіп тоздырады, Сараң киімді жиып тоздырады. 3. Адамды өмір үйретеді, Үйренбесе күйретеді. 4. Жолға шықпай тұрып, жолдасыңды сайла. Сыпайы сызып айтады. Шешен қызып айтады. Шорқақ үзіп айтады. Жаман бұзып айтады. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдерден етістің есімше, көсемше түрлерін тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және қалай түрленгенін талдап көрсетіңіз. (түбірі, қосымшалары) 1. Ақылды кісі азбайды, Асыл бұйым тозбайды. 2. Ақылды адам арын қорғайды, Сараң адам малын қорғайды. 3. Білмегенді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұра. 4. Оқып сөйлеме, Көңіліңе тоқып сөйле. 5. Сауатсыздың сөзіне сүрініп құлайсың. 6. Көре-көре көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.