1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай ой түйдіңдер? Өз пікірлеріңді білдіріңдер. Азық-түлік пен су тапшылығы, жер ресурстарына, жанармайға деген қажеттіліктердің өсуі, климаттың өзгеруі осылардың барлығы біздің ғаламшарымыздағы халық санының күрт өсуіне байланысты орын алып отыр. Бүгінде біздің ғаламшарымызда 7,520 миллиард адам тұрады екен. Б.з.б. 1000 жылы археологтер ғаламшардағы адамдар саны небәрі 10 миллион ғана болғанын есептеген екен. Мыңдаған жыл өтіп, 1800 жылы өндірістің дамуы есебінен жердегі адам саны 1 миллиардқа жеткен. Ал 1960 жылдары әлемдегі халық саны бірден 3 миллиардқа, ал 1990 жылы 6 миллиардқа жеткен. 2011 жылы халық саны 7 миллиардқа жетті. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халық санынын мұншалықты жылдам өсуі адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған. 2010 жылғы есеп бойынша әлемдегі халықтың 60 пайызы Азияда, 15,5 пайызы Африкада, 10,4 пайызы Еуропада өмір сүрген. Әлем диаграмма​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.