Өз мектебің орналасқан аумақтағы экожүйені зерттеу және сипаттау.
1-зертханалық жұмыс.
Жұмыс мақсаты: осы экожүйедегі түрлердің өзара әрекеттесу типтерін
айқындау (мектеп ауласындағы өсімдіктердің мысалында).
Құрал-жабдықтар: “Түрлі табиғи зоналардың биоценоздары” кестесі,
кеппеөсімдіктер және нұсқау беретін карточкалар,
Жұмыс барысы:
1. Мектеп аумағындағы өсімдіктердің жікқабаттарын ажыратыңдар
(ағаштардың, бұталардың, шөптердің биіктіктері бойынша орналасуы) және әр
жікқабаттағы өсімдіктердің түрлік құрамын сипаттаңдар.
2. Өсімдік жікқабаттары қандай факторларға байланысты қалыптасатынын
атап көрсетіңдер (жарық, температура, ылғалдылық).
3. Сендер зерттеген өсімдіктерге қоршаған орта факторларының қалай әсер
ететінін анықтаңдар.
4. Өсімдіктерге антропогендік фактор (мектеп аумағын оқушылардың таптап
тастауы) қалай әсер етеді?
5. Мектеп аумағындағы өсімдіктерді қалай күтіп-баптайтындарынды сипат-
таңдар (өсімдіктерді суару, гүлзарларды арамшөптерден тазарту, топырақты
қопсыту, құстар үшін жайлы жағдайлар туғызу).