1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпаратқа байланысты екі сұрақ, қосымша апаратқа байланысты екі сұрақ құрастырыңыз. Көне түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «руна жазулары», яғни скандинавия тiлдерiнен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. МессерШМИДТ және Ф.И.фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 жылы 3.Байерді ң «Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында» жарық көріп, Еуропадағы барлық шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.