1. «ХХ ғасырдың бас кезінде казак зиялы қауымының чат мәселесіне белсене араласуына қандай жагдайлар турткі болды?» тақырыбы 80-100 созден тұратын эссе жазындар.
Тірек создер: шаруаларды жаппай қоныстандыру, революция, Мем лекеттік Дума, Бірінші дүниежүзілік согыс, «Алаш» партиясы.
Answers & Comments
Ответ:
XX ғасырдың бас кезінде Қазақ халқының жерін тартып алу өте белсене жүрді.Оған шаруларды жаппай қоныстандыру жатады.Ресей ішінде аштық және жер жетіспеушілігі қатты жүрді,бұл жалғаса беретін болса халықтың наразылығы шектен шығып көтеріліс болатынынан сақтанып осы істі жасады.Ресейден қоныстанған шаруаларға арнайы жер телімдері беріліп салықтан босатылды.
Ресей патшалығы әлемнен даму жағынан артта қалғанын түсініп, арнайы "мемлекеттік думаларды" жасап шықты.Бұл "Алаш" зиялыларына жақсы әсер етті.Қазақ зиялылары бұл думаны пайдалана отырып билік басына жақындай отырып,қазақ халқының жағдайын жақсартуға тырысты.
XX ғасыр басында Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа Ресей қосылып, артта қалған елдің жағдайы одан бетер нашарланды.Соның арқасында елде 1917 жылы Ленин бастаған Революция бұрқ ете түсті.Бұл революцияны пайдаланған Қазақ зиялылары өз "Алаш" партиясын жариялап дербес мемлекет қалыптастыруға тырысты.
Объяснение:
Есімде болған нәрсенің барлығын жаздым.Тірек сөздер қосып жаздым.