1. Анықтауышты табыңыз. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

А) Таза В) Жер бетінде С) Су Д) Ресурстары Е) Көп емес

2. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.

А) Толықтауыш, бастауыш. В) Анықтауыш, толықтауыш. С) Баяндауыш, анықтауыш.

Д) Бастауыш, баяндауыш. Е) Пысықтауыш, баяндауыш.

3. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. Я, яки, не, немесе.

А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар

4.Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.

А) Жақсыз В) Жақты С) Жалаң Д) Толымсыз Е) Толымды

5.Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Әншіден. В) Орындаушымен. С) Мұғалімнің. Д) Малшыға. Е) Дәрігермін.

6. Жинақтық сан есімді табыңыз.

А) Төрттен бір. В) Бір. С) Жетеу. Д) Үшінші. Е) Сегіз.

7. Сын есімді табыңыз.

А) Доп. В) Аспан. С) Қарлығаш. Д) Көрпе. Е) Қызыл.

8. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүреді.

С) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.

Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.

Е) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

9. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Балалар, кешке мектепте жиналыс болады, кешікпей келіңдер.

В) Отан қорғауға дайын болыңдар!

С) Меніңше, бұл-өте жақсы оқушы.

Д) –Сіз менің айтқанымды түсінесіз бе?

Е) Сабақ аяқталды.

10. Оқшау сөздердің түрлерін анықтаңыз.

А) Қыстырма сөз, қаратпа сөз, одағай. В) Шылау, үстеу. С) Жалғаулықтар, демеуліктер.

Д) Жұрнақтар, септіктер. Е) Қыстырма сөз, қос сөз.

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.