1 қас пен көздің арасында-
2 төбе шашы тік тұрды -
3 Ит арқасы қиянда -
4 Ит өлген жер-
5 қой аузынан шөп алмас -
6 қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман-
7 жүрек жұтқан-
8 жерден жеті қоян тапқандай -
9 тақырға отырғызып кетті-
10 қолы жеңіл-
11 қолы ашық-
Тұрақты тіркестердің баламасын тауып беріндерші!!!! өтінемін
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Берілген тұрақты сөз тіркестерінің баламасын тауып жазу.
1. қас пен көздің арасында - лезде, жылдам, тез
2. төбе шашы тік тұрды - қорықты, шошыды
3. ит арқасы қиянда - алыста
4. ит өлген жер - алыс, шалғай
5. қой аузынан шөп алмас - момын, жуас
6. қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман - бейбіт, тыныш уақыт
7. жүрек жұтқан - ержүрек, батыр
8. жерден жеті қоян тапқандай - қуану
9. тақырға отырғызып кетті - алдап кету
10. қолы жеңіл - ісі сәтті
11. қолы ашық - жомарт.