1. Қазақ тіліне тəн жіңішке дауысты дыбыстарды табыңыз.
A) Ұ, У, Ө, І.
B) Ү, О, І, Ə.
C) Ү, Ө, І, Ə.
D) Ұ, Ө, І, А.
E) Ұ, Ү, Ө, Ə.
2. Ұяң дауыссыздан басталған сөздер қатарын табыңыз.
A) Көк, сары.
B) Қызғылт, көкшіл.
C) Қоңыр, қара.
D) Бет, жүз.
E) Ақша, теңге.


3. -дан, -ден қай септіктің жалғауы екенін көрсетіңіз.
A) Шығыс септік.
B) Барыс септік.
C) Көмектес септік.
D) Ілік септік.
E) Табыс септік.
4. Сөйлемдегі сан есімнің түрін анықтаңыз.
Ш.Айманов 1914 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
A) Реттік.
B) Топтау.
C) Есептік.
D) Бөлшектік.
E) Жинақтық.
5. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сөйлемді табыңыз.
A) Бүгін қай күн?
B) Бүгін жексенбі ме?
C) Гүлдене ме, туған жерім?
D) Сендер жылдам келдіңдер ме?
E) Сен рəміздерді құрметтейсің бе?
6. Сөйлем түрін анықтаңыз.
Ұлылыққа бəрінен де адалдық жақын.
A) Атаулы.
B) Жақты.
C) Жақсыз.
D) Жалаң.
E) Сұраулы.
7. «Сүттен ақ» сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.
A) Ақкөңіл, сыншыл.
B) Таза, адал.
C) Мейірімді, жайдары.
D) Арам, адал.
E) Ескі, таза.
8. Мақал-мəтелдерден антонимдерді табыңыз.
A) Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
B) Ақылды жігіт өрге озар, ақымақ жігіт жер соғар.
C) Өнерлі өрге жүзеді.
D) Өнерді үйрен де, жирен.
E) Өнерліге өлім жоқ.
9. Туынды сөзді табыңыз.
A) Хабар.
B) Мемлекет.
C) Білімпаз.
D) Тауда.
E) Қазір.
10. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Төмен.
B) Орын.
C) Əкел.
D) Таза.
E) Сүрт.
11. Күрделі етістігі бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Қыз сурет салып отыр.
B) Құрылысшылар үй салды.
C) Дəрігер ауруды емдейді.
D) Кеншілер көмір қазды.
E) Балалар кітап оқыды.
12. Септеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.
A) Ол ойы іске асты.
B) Жылы сөзі мен жылы лебізін сездіріп оған хат жазды.
C) Нұрлан – мектептегі ең үздік оқушылардың бірі.
D) Осы жолмен жыл сайын барамын.
E) Ауа ол күні əрі тұнық, əрі құрғақ.
13. Сөйлем ішіндегі баяндауыштың сұрағын көрсетіңіз.
Əрбір адам табиғатты қорғайды.
A) Не істеді?
B) Не істеп тұр?
C) Кім?
D) Қайда?
E) Не істейді?
14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Ажар мен Толқын əкесіне көмектесті.
A) Толықтауыш.
B) Баяндауыш.
C) Бастауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Анықтауыш.
15. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
Қазақстанның табиғаты өте əдемі, сондықтан біз өз елімізді мақтан
етеміз.
A) Кезектес.
B) Талғаулы.
C) Қарсылықты.
D) Ыңғайлас.
E) Себеп-салдар.
16. Қыста болатын мерекені көрсетіңіз.
A) Білім күні.
B) Халықаралық əйелдер күні.
C) Жеңіс күні.
D) Отан қорғаушылар күні.
E) Тəуелсіздік күні.
17. Синоним сөздердің қай қатарда жазылғанын анықтаңыз.
A) Егін ексең, тыңға ек.
B) Туған жер, атамекен – бəрінен ыстық.
C) Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады.
D) Жері байдың – елі бай.
E) Бала, баланың ісі – шала.
18. Сөйлемдегі жалқы есімді тауып, құрамы жəне тұлғасына қарай түрін
анықтаңдар.
Қазақтар Қазақстан халқының 81,1 пайызына тең болатын.
A) Күрделі, туынды.
B) Негізгі, туынды.
C) Күрделі, негізгі.
D) Дара, туынды.
E) Дара, негізгі.
19. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған жіктеу есімдігін анықтаңыз.
A) Көкшетаудың табиғаты маған ұнады.
B) Бұл жайында ертегі көп.
C) Ешқашан сырыңды шашпа.
D) Бейбіт анасының əр сөзін зейінмен тыңдады.
E) Келесі жылы демалуға осында келеміз.
20. Сөйлемнен мекен үстеуді табыңыз.
A) Алмас – өте тəртіпті бала.
B) Алыстан атты жолаушылар көрінді.
C) Күндіз дүкенге барды.
D) Анам жұмыстан ерте келді.
E) Үйді жылдам жинау керек.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.