1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият окыныз. Екi мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын салыстырыңыз. 1-мәтін Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, бiлiммен, спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары - театрлар, мұражайлар, концерт залдары көп. Қала ауыл тұрғындарын көлік түрлерімен, тұтыну тауарларымен, тұрмыстық техникамен, киiммен қамтамасыз етеді. Ертеде адамдар соғыс уақытында жаудан қорғану үшін жасалған, қоршаумен қоршалған бекіністі қала деп атаған. (63 сөз) 2-мәтін Ауыл - шағын елдi мекен. Ауыл тұрғындары негiзiнен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады. Біздің ел әлемдік астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша озық елдердің бірі болып табылады. Солтүстіктегі егіс алқаптарының 70%-ында астық және техникалық дақылдары - бидай, арпа, тары өсіріледі. Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіреді. Қазақстан бау- бақша өсімдіктерімен танымал. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының озық саласы болып табылады.Ауылда өсімдік түрлерін өсіреді, үй жануарларын асырайды. Алынған өнімдерді дүкендерге жеткізеді. Ауылда ферма, егістік, бау-бақша бар. (79 сөз) 1-мәтін Тақырыбы стилі жанры 2-мәтiн​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.