April 2022 1 6 Report
1 и 2 сделайте пж
Вот текст:

Ақпарат меңгеруде сандық технологияның рөлі үлкен. Көп адам ақпаратты интернетте қосылған компьютер мен теледидар арқылы алады. Бірақ әлемде ақпараттық технологияны қолданатын адам аз. Көп адамның компьютерлік сауаттылығы жоқ. Қазіргі кезде көптеген қызмет пен сервис виртуалды режимге көшуде. Ал компьютері жоқ адам ол қызметті пайдалана алмайды. Мамандар мұндай жағдайда жұмысқа тұру, өз білімін көтеру, бизнес жасау шектеулі болуы мүмкін екенін айтады. Ол - азаматтар арасында сандық теңсіздік тудырады.
Сандық теңсіздік – жекелеген адамдардың ғана емес, мемлекеттің проблемасы. Сондықтан ақпараттық теңсіздікті жою үшін мемлкететтік бағдарламалар қажет. Сол себепті елімізде «Сандық Қазақстан - 2020» бағдарламасы дайындалды. Бағдарлама тұрғындарға интернетке қосылған компьютер мен сандық теледидарды қолжетімді етуді көздейді. Әсіресе ауыл тұрғындарының ақпаратты уақытында алуына мүмкіндік туады.
Сандық теледидарды енгізу де – ақпараттық теңсіздікті жоюдың жолы. Ол сапалы телебағдарламаларды тегін, шектеусіз көруге мүмкіндік береді. Сандық теледидар қала тұрғындарын ғана емес, ауыл тұрғындарын да қамтиды. Сандық теледидарда бағдарламаларды басқару мүмкіндігі туады. Көрермендер өзіне ыңғайлы уақытты ұнаған хабарларды бейнежазбадан көре алады. Болашақта интерактивті теледидар көрермендеріне басқа да қызметтер ұсынады. Мысалы, телефон анықтамалығы; қаланың, елдің, әлемнің интерактивті картасы; пойыздардың жүру, ұшақтардың ұшу кестесі, валюта бағамы; күн райы және т.б. Ұнаған кино, хабарларды бейнетаспаға жазып алуға да болады. Қысқасы, теледидар интернетке қосылған компьютер секілді қызмет көрсетеді.
Осындай компьютерлік телекоммуникациялық технология арқылы білімін көтеретін азаматтары бар қоғам ілгерілейді, мемлекет білімді елге айналады
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.