Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Олардың Ресейдің қол астына өту туралы сөзді естігілері де келген жоқ. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.
Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды.
Объяснение:
Өзің Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру арқылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді.
1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.
Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет Көкіұлы батыр, Құдайменді мырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.
Қазақтардың Ресейдің қол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.
Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды.
Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.
Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушілері келеңсіз рөл атқарды. Өйткені олар бұл аймақта ислам дінінің ықпалы елеулі түрде әлсірейтін болды деп түсінді.
Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.
Бірақ хан Ресей аумағына шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады. Сондықтан да ол өз ғұмырының соңғы күніне дейін патша әкімшілігіне бағынбауға тырысты. Оның үстіне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шекара аймағындағы шиеленісті қақтығыстары тоқтатылмады.
Answers & Comments
Ответ:
Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы
Өңдеу