1-тапсырма. Мәтiндi окындар. Бас әріппен жазылған сөздерге назар аударындар. Олар кандай атаулар? Президент күні мерекесі біздің елімізде ғана емес, басқа мемлекет- терде де кездеседі. Америка Құрама Штаттарында ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні ретінде мерекеленеді. Бұл мереке 1855 жылдан бері жалпыұлттық деңгейде Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне тойланады. Бұл күні Вашингтон мұражай-үйінде көпшілік арнайы костюмдер киiп, той тойлайды. Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Исландияның бесiншi президенті Оулавюр Рагнар Гримссонның құрметіне бекі- тілген. Исландияда Президенттін туған күні - мемлекеттік мереке. Бул күнi әртүрлi кенiлдi iс-шаралар мен халықтық шеру ұйымдас- тырылады. Ангола да тұңғыш президент күнін тойлайды. Ангола мемлекеті Президент күнін «Ұлт батырлары кунi» деген атаумен 17 кыркуйекте мерекелейдi. Португалдардын бодандығынан Анголаға тәуелсіздік алып беру үшін аянбай күресіп, сол максатына жеткен Агоштиньо Нету 17 кыркуйекте дуниеге келген. Күздің алғашқы айында тойлануынын себебі де сол.
Answers & Comments
Ответ:
жер,су және адам аттары