- 1-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы кейіпкерлерді атаңдар. Өздерiндi қай топқа жатқызасындар? Психологтер сатып алушылардың бірнеше түрі бар екендігін айтады. Олар эмоционалды, рационалды және енжар сатып алушылар болып үш топқа бөлінеді. Эмоционалды сатып алушыларды әйелдер қауымы құрайды. Олар көбіне дүкен аралауды алдын ала жоспарламай, кенеттен саудаға кірісіп кетеді. Мұндай сатып алушылар бір зат сатып алмаса да, жай дүкен аралап жүргеннің өзінен рақат алады. Эмоционалды сатып алушылар акшаға және жоспарланбаған шығынға жеңіл қарайды. Бұлай дүкен аралаудың бір кемшiлiгi - каржылык шығын. Рационалды сатып алушылар сауданы саналы түрде жасайды. Ол өзiне керек дуниені сатып алу үшін уақытты да, ақшаны да, күш-жігерін де тиімді жұмсай біледі. Олар эмоцияға беріліп, көзіне ілінген дүниесін ала салмайды. Олар үшін саудадағы ең маңызды нәрсе - тиімді баға және зат сапасы. Рационалды сатып алушылар бір тауарды алмас бұрын онын интернеттегі бағасымен салыстырып, мың ойланып-толғанады. Бейтарап, яғни енжар сатып алушылар амалдың жоқтығынан анда-санда дүкен аралауға шығады. Олар үшін басты мақсат - іздеген тауарын табу. Олар дүкен аралап уақыт кетіргеннен гөрі интернет- дүкендерден сауда жасағанды жақсы көреді.
5 вопросов по тексту
Answers & Comments
Ответ:
Сәл жетпи отыр беріп жіберіңдерш өтініш