1. Мақалды толықтырыңыз. ... тас жарады, тас жармаса бас жарады.
А) Көз. В) Бас. С) Тіс. D) Қол. Е) Тіл.
2. Бай сөзінің антонимін белгілеңіз.
А) Артық. В) Тар. С) Жіңішке. D) Кедей. Е) Мектеп.
3. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз тіркесін В) Тіл байлығын. С) Сөз мағынасын.
D) Сөз құрамын Е) Тіл дыбыстарын
4. Бірыңғай жуан дауыстылы сөзді табыңыз.
А) Келді. В) Пісті. С) Егін. D) Ыстық. Е) Өмір.
5. Қатаң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Зерек, арман, жұмбақ. В) Жаға, мақсат, бағыт.
С) Дала, бөлме, ғарыш. D) Тау, хат, сабақ. Е) Жүрек, дән, нөсер.
6. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.
А) Дастарқан. В) Тамыр. С) Тамаша. D) Арқар. Е) Шам.
7. –шы жұрнағы қай сөзге сәйкес келетінін көрсетіңіз.
А) Өзен. В) Дүкен. С) Мал. D) Өсімдік. Е) Тау.
8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.
А) Дүниеқор. В) Жолдастар. С) Ескерткіш. D) Талапты. Е) Көңілді.
9. –лау, -леу жұрнақтары қай дыбыстардан соң жазылатынын анықтаңыз.
А) м, н, ң. В) р, й, і. С) с, т, ф. D) л, у, ю. Е) ы, о, т.
10. Көптік жалғауды сөзді көрсетіңіз.
А) Бұйымдар. В) Ер-тұрман. С) Сомдалған. D) Дүкенші. Е) Емен.
11. Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақылсыз. В) Малды. С) Ақылбек. D) Кәмпитсүйгіш. Е) Ақыл.
12. Жалпы зат есімді табыңыз.
А) Сәкен. В) Алатау. С) Сәуле. D) Арал. Е) Дүкен.
13. Сын есімді табыңыз.
А) Қызық. В) Әже. С) Сайын. D) Ара. Е) Көз.
14. Заттың сипатын білдіретін сөздерді көрсетіңіз.
А) Үстеу. В) Есімдік. С) сын есім. D) Шылау. Е) Зат есім.
15. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақылды. В) Семіз. С) Қызыл күрең. D) Жұмсақ. Е) Бесінші.
16. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Екі жолдас.
D) Ағаш күрек. Е) Жібек жолы.
17. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.
А) Төрт дәптер. В) Өткен ғасыр. С) Биік тау. D) Осы кітап. Е) Жаңа жыл.
18. Дара етістікті көрсетіңіз.
А) Бара жатыр. В) Жазып отыр. Б) Келіп кетті. D) Өлең айт. Е) Айт.
19. Шарттық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
А) Егер. В) Бірақ, алайда. С) Себебі. D) Мен, бен. Е) Не, немесе.
20. Сөйлемді толықтырыңыз.
«Мақал-мәтелдер – біздің халық ауыз әдебиетінің ұрпаққа қалдырған ... байлығы».
А) мұра В) көркемдік С) әдемі D) тұңғыш Е) рухани
Answers & Comments
Verified answer
Жауаптары суретте берілген: