1-мәтін.
Дінмұхамед Қонаевтың бала күнгі арманы Өзі жастайынан тау-кен инженері болуды армандағанын айтады. Ақыры осы арманының жетегімен инженерлік кәсіпті таңдады. Бұған сол заманда қазақтар арасынан инженердің шығуы сирек болғаны әсер еткен. Сондай-ақ, ұлт қайраткері тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевты бала күнінен ерекше құрмет тұтқан. Бертін келе оның отбасы мүшелері мен баласы Ескендірмен етене жақын араласқан. Димаш Ахметұлы осылайша еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, Балқаш мыс қорыту және Лениногор қорғасын-мырыш комбинатында қызмет істейді. Бірте-бірте қызметте жоғарылап, ғылым академиясының президенті болып тағайындалады. Бұдан egre партия-кеңес органдарында, Қазақстан Компартиясының орталық комитетінде қызмет етеді. 10 жылға жуық қазақ КСР министрлер кеңесінде төрағаның орынбасары, 27 жылдай Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы, 21 жыл СОКП ОК саяси бюросының мүшесі болады. Дінмұхамед Қонаев ұзақ жыл қызметтен кейін зейнетке шыққан шағында Визитка жасатқан екен. Осы кішкене төртбұрышты қағазға аты-жөні мен "тау-кен инженері" екенін ғана жаздырады. Сонда айналасындағылар қайраткердің қарапайымдылығына қатты таңғалған. Өзінің бұл шешімін "Оның бәрі – өтпелі де кетпелі, ал "тау-кен инженері" деген – өмірлік нәрсе", - деп жауап берген екен,​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.