1. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі
кітапханаларының бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми
кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат
президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы
заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы
күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958
жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі —
Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек
кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
1. Мәтіндегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңдар.
орналасады
есептеді
құрылды
тұрады
сақтады​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.