1. Мәтінді оқып, тақырыбы мен стилін, түрін (әңгімелеу, сипаттау,
талқылау) анықтаңдар.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымдар
Дүниежүзінде қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын
200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Олар:
Табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың халықаралық
одағы, Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес,
Хайуанаттарды қорғау жөніндегі дүниежүзілік федерация,
Альпі аудандарын қорғау жөніндегі халықаралық федерация.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде 1992 жылғы
ақпанда «Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
өзара әрекеттестік туралы» келісімге қол қойылды. Бұл келі-
сімге Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз-
стан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан,
Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін
Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық эко-
логиялық қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау
ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея
маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны
оціндегі бөлім курылған.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.