1. Мәтінді тыңда. Төмендегі кестені толтыр. Ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тап.

2) Мәтінге ат кояды.

1 балл

Отбасы дегенiмiз - туысқандық байланыста бiрлесiп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттiк зандар мен ережелердi сақтайды. Отбасы - адам баласының есiп-енер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесiгi. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы касиеттер емiр бойына серiк болады. Оны ешкiм тузете алмайды.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тiкелей урiм-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесiне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейiн әке-шешелерi қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

Казак отбасында әкенің орны ерекше. Әке-отбасының тiрегi. Отбасы мүшелерi әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына еншi беледi, тұрмысқа шыққан кыздарына жасау береді. Казак отбасында қыздың орны да улкен. Кызды ерекше құрметтейді.

Кенже бала-отбасындағы ең кiшi бала, кiшi ул. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол - қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ-үлкен үй, әке-шеше уйi. Кара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Кара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, улкен аталарын, жеті атасын унемі айтып отырған.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.