1. Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. (бірінші, құрылғы, электр қуатын) Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловаттқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шаруашылық иелері. Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырақ. Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 киловатт электр энергиясын өндіреді. (а) Ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловаттқа дейін ______________________ алады. (ә) Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін _______________ жинап шығарды. (б) _______________ желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады.
Answers & Comments
Ответ:
а) .... электр энергиясын алады
ә)... құрылғы...
б) Алғашқыда.....
Ответ:
а) Ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловаттқа дейін электр энергиясын алады.
ә) Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап шығарды.
б) Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады.
Объяснение: