1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.
жаһандық - _____________________
айыбы - ________________________
қолдану - ______________________
керек - ________________________

Табиғат қашан да адамзаттың анасы деп есептелгені мәлім. Климаттың өзгеруі мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи ланшафтылардың өзгеруіне әкеледі. Бұл әрине шешімін табуға тиісті ғаламдық проблемаларды туындатады. Табиғи апаттардың көпшілігі адамдардың өнеркәсіпті дамыту барысындағы іс-әрекеттеріне тікелей байланысты. Табиғаттың өзгеруінің алдын алу және сол өзгерістердің табиғи апаттарға дейін жетуінің алдын алу барлық адам атаулының міндеті. Климат жағдайының өзгеруіне адамзаттың да кінәсі бар. Қарапайым күнделікті тіршіліктен алуға да болады. Өзен, көлдерді қоқыстан таза ұстау, зиянды қоқыстарды арнайы жәшіктерге салу, өнеркәсіптерді пайдалану барысында сауаттылықты сақтау табиғат байлығын дұрыс пайдалана білу - бұл табиғатты сақтауға жасалған қадам. Қазіргі уақытта ең басты мәселелердің бірі – экология мәселесі. Негізі бұл мәселе ғаламшарымызда өмір сүріп отырған барлық халықтардың ортақ мәселесі болып табылады. Себебі бұл мәселенің атмосфераға тікелей қатысы бар. Ал, атмосфера - біздің жұтып отырған ауамыз. Ауа - барлығымызға ортақ. Ғаламдық жылынуға өндіріс орындары, кен орындары, АЭС-тер мен автокөліктерден шығатын улы газдар тікелей себеп болуда. Мұны ескере отырып, біз бұл мәселені қолға алуға тиіспіз.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.