1. Оңтүстік Америка материгіне қандай табиғат зоналары тән?
2. Африкадағы табиғат зоналарының орналасуында қандай басты ерекшелік-
тер бар?
3. Оңтүстік Америка жерінде Африка және Аустралиямен салыстырғанда не
себепті шөлейттер мен шөлді аймақтардың үлесі аз?
4. Аустралия табиғатының ең басты ерекшелігі неден көрінеді?
5. Антарктида табиғатының қандай басты ерекшеліктері бар?
Answers & Comments
Ответ:
1) Оңтүстік Америка жеріне мынадай табиғат зоналары тән: ылғалды экваторлық ормандар; ауыспалы ылғалды ормандар; саванналар мен сирек ормандар; субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;жалпақ жапырақты ормандар; субтропиктік дала; шөлейт және шөл зонасы.
2) Африканың табиғат зоналары экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ендік бағытта симметриялы түрде ауысады.
3) Материктің көпшілік бөлігінде ыстық әрі ылғалды климаттың басым болуына байланысты шөлейт және шөл зонасының үлесі салыстырмалы түрде аз болып келеді.
4)Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктері мен ұқсас болып келеді.
5) Ең басты ерекшелігі ол оңтүстік жарты шардың басқа материктері ген қарағанда табиғаты қатал болып келеді