1. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қанша? неше?
ә) қай? қайда?
в) қандай? қай?
с) қашан? қалай?
2. Сын есім құрамына қарай қандай болады?
а) негізгі, туынды
ә) дара, күрделі
в) сапалық, қатыстық
с) тіркескен, қос сөз
3. Сапалық сын есімді белгіле.
а) үш қабатты
ә) оқырман билетім
в) жарық
с) жинамалы перде
4. Қатыстық сын есім қалай жасалады?
а) сөз тудыратын жұрнақ арқылы
ә) жаңа сөзден жасалады
в) қандай? деген сұраққа жауап береді
с) зат есіммен тіркеседі
5. Сын есім тұлғасына (жасалу жолына) қарай қандай болады?
а) дара, күрделі
ә) негізгі, сапалық
в) негізгі, туынды
с) туынды, күрделі
6. Сын есім заттың несін білдіреді?
а) атын
ә) санын
в) қимылын
с) сапасын
7. Құрамына қарай қандай күрделі сын есім екенін анықта. Күлгін түсті кілемше төселген.
а) тіркескен сөз
ә) дара сөз
в) қос сөз
с) біріккен сөз
8. Кітапханада қандай кітаптар бар?
а) жаңа кітаптар
ә) оқыған кітаптар
в) орыс тілі кітабы
с) әдеби кітаптар
9. «Менің атым – Қожа» кітабын кім жазды?
а) Мұқағали Мақатаев
ә) Абай Құнанбаев
в) Бердібек Соқпақбаев
с) Мағжан Жұмабаев
10. Бұл кітап саған неге ұнайды?
а) Себебі мен оның киносын көрдім
ә) Өйткені Қожа – әдепті бала
в) Кітапхана үлкен.
с) Менің оқырман билетім бар.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.