1-тапсырма. 65-бет. 1-деңгей. Дара сөздер мен күрделі сөздерді
топтастырып жазыңдар.
Атам суретті жақсы салады, өзінің автопортретінің бірнеше түрі бар, бәрі
тамаша шыққан. Әр дәптердің бетінен сурет кездестірмей қоймайсың. Од
былай қойғанда, эскиз, сюжетті суреттері де біршама, маман суретшілердің
өздері көңіл бөліп қарауға тұрарлык дүниелер.
Үлкен кара альбомның іші - толған ою. Сонау бала кезімдегі терезе әйне
гіне түскен сиқырлы суреттер сияқты бірін-бірі қайталамайтын, бір-біріне
ұқсамайтын нәзік өрнектер. Табиғат өзі жаратқан төл таланттың қолынан
шыққан сұлулық пен тапқырлықтың бір куәсіндей. Күні бүгінге дейін танга
латыным, атам ешқашан алдындағы ойған оюына қарамайтын, ұқсас болып
қалмасын дегенді ойына да алмайтын, сөйлеп отырып, қайшыны жорғалата
беретін...​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.