1 - тапсырма Берілген тақырыптардың біреуін таңдап , монолог құрап жаз . 1 ) Табиғаттың таңғажайып құбылыстары 2 ) Табиғатты аялайық , адамзат ! 3 ) Табиғат - менің өз үйім . Тірек сөздер : табиғат көрінісі , егіз ұғым , азаматтық парыз , ғажайып әсемдік , аялау , орны ерекше , құрметтеу ,ж
Answers & Comments
Ответ:
Табиғат - жаны нәзік жаратқаннан,
Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан.
Адамдар немқұрайлық танытпаса,
Байлығын төгіп берер асып - тасқан.
Табиғаттың құпиясы – тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарадай бір биік.
Естіп,біліп,сырын ұғып жүрейік
Жүректерге өшпес жалын,нұр құйып.
Табиғатты әспеттеп жырға қосайық,
Беймәлім сыры бәрімізге ғажайып.
Мәңгілік мекен бола білген адамға
Алтын бесік,жайнай берші жайқалып.
Жанымның қызғалдағы бүрін жарып,
Бағыма қонды таңнан бұлбұл барып.
Мен қалай жақсылыққа жақын жүрмен
Табиғат танытқанда бір мырзалық