"Алтынемел" ұлттық саябағы - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ. Саябақта таулы аймақ, құмды шөлді аймақ, жазық далалы аймақ, қырлы-жоталы аймақ және топырақты далалы аймақ бар. Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «Қызыл кітапқа» енген 22 түрі бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай.
"Әнші құм" - Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған.
Шайтанкөл - Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан көл. Ұзындығы – 60 метр, ал ені – 40 метр, дегенмен бұл көл – республикалық маңызы бар табиғи ескерткіштердің бірі болып табылады. Көл жартылай бұзылуға ұшыраған қат-қабатты гранит жартастармен қоршалған қазаншұңқырда орналасқан. Суы мөлдір, түбі тастақ, су сіңбейді.
Ақсу-Жабағылы - еліміздің аумағында 1926 жылы ең алғаш болып ашылған қорық. Бұл қорық Түркістан облысы және Жамбыл облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Қорық аумағында бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі кездеседі.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: