1-тапсырма
Күн неге батады және шығады? Бірақ, шындығында, күн
батпайды және шықпайды. Жер өз білігінен сағат тіліне қарама-қарсы бағытқа айналу арқылы Күнге біресе бір жағымен, біресе екінші жағымен қарайды. Ал бізге Күн
шығыстан шығып, батысқа бататын тәрізді көрінеді.
Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде ол Күннің бетін көлегейлейді.Бұл Күннің тұтылуы деп аталады. Әдетте,
Жердің көпшілік бөлігінде жарым-жартылай тұтылу көрінеді. Айдың тұлғасы Күнді толық жапқан да 7 минут тай
түнек орнайды. Сол кезде Жерден Күннің сәуле жиегі көріне ді.
Күн көз шыдатпайтын жарық дөңгелек болып көрінеді. Егер бұлтсыз ашық күні бір-екі минут қарап тұрсаң, көзің басқа ештеңені көрмей қалады. Сондықтан Күнге тіке қарауға
болмайды. Күнге таңертең ерте және кешке қарай дәл көк
жиекте тұрғанда қараған қауіпсіз.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
2-тапсырма
Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
Екі мәтінді оқи отырып, төмендегі кестені орында!
1-мәтін Ұқсастық 2-мәтін
Айырмашылық
Нақты ақпарат
Answers & Comments
Ответ:
1) ақпаратты, 2)диалог