1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз. «Адамды адам еткен еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз, Осы орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік: — Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз? — Менің ойымша, еңбек адамы — ең алдымен, таза жұмыс - істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы бола ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу керек. — Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма? — Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры болған. Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын. Елге баратын, солардың еңбегін көретін. Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті насихаттайтын шығармалар жазылып, фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз. (1 балл)
А) мақала
В) әңгіме
C) сұхбат
2.Мәтіннің негізгі ойын жазыңыз. (1 балл)
3.Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз, өз ойыңызды жазыңыз? (1 балл)
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение:
1)А.мақала
2)Еңбек адамын бағалау әрі оларды қолдау
3)Еңбек адамы деген тек қара жұмыс жасаушы емес әр бір еңбек сүйгіш қауым өз нанын адал еңбегінің арқасында тауып жүрген адам.