1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
– Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.
– Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім.
Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға
түсіпті. Сонда түлкі секіріп, ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып
далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Апан-яма,ров; мүйіз-рог; табан-копыто; абайсыз- по неосторожности
1.Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. _________________________________________
2. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз
қорқақ ____________
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1.Жүгіріп келе жатқан түлкі қайда түсіп кетеді?
__________________________________________________________________________
2.Түлкі апаннан қалай шығып кетеді?

4.Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөздер мен сөз тіркестерін жұптастыр.(В третьей
колонке нужно написать соответствующую букву)
1. Түлкі а. алданба 1-
2. ешкі ә.апанға түсіп кетеді 2-
3. өтірікке б. су іздейді 3-
5.Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.(Нужно написать порядок
происходящих событий по тексту)
І. Түлкі ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
ІІ. Түлкі апанға түсіп кетіпті
ІІІ. Ешкі салқындайын, әрі су ішейін- деп апанға түседі.
A. II, I, ІІІ
B. II, IІІ, І
C. ІІІ, II, І
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.