1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Уақыт - сый. 


         Уақыт - адамның өмірі. Ол адамға берілген сый. Уақытты босқа өткізуге болмайды.  Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек.  Уақыт бізбен санаспайды, ол тез өтіп кетеді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев  «Сағатың шықылдағы – емес ермек» өлеңінде бір минутты бір адамның өміріне  ұқсатқан. Сондықтан, уақытты бағалау керек. Әр адам уақытын пайдалы өткізуге талпынуы керек. Күнде өз жұмыстарын жоспарлаған дұрыс. Осылайша, уақытты тиімді өткізуге болады.  Күн тәртібін ұстану да өте жақсы әдет. Ол үшін бір күн бұрын келесі күннің жоспарын жазуға болады. Сол жоспарға негізгі жұмысқа қоса   кітап оқу, спортпен щұғылдану, таза ауада серуендеу  сияқты әр адам үшін пайдалы істерді қосуға  болады. Өз уақытын, жұмыстарын жоспарлаған адам бәрін үлгереді. 

Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан, алтынға балайды. «Уақыт – алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған.


1. Мәтін не туралы? 

___________________________________________________                                                                    [1 ]


2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

 __________________________________________________                                                                    [1  ]​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.