1-тапсырма. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Жер бетінде алты мыңдай тіл бар екені анық. Оның
ішінде он үші «ең ұлы» тіл болып саналады. Әр халық өз
ана тілін қастерлейді. Әр адамға ана тілі – ұлы тіл. Тіл
әрбір адамға өмір бойы керек. Қазіргі уақытта көп тілді
білу керек.
Дүниежүзінде ресми тіл ретінде қытай, ағылшын,
орыс, испан, француз, араб тілдері қолданылады.
Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33%-ы
ағылшын тілінен, 15%-ы француз тілінен, ал 1%-ы неміс
тілінен аударылады.
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана
мемлекеттік мәртебеге ие болған. Соның ішінде қазақ тілі
бар.
Қазіргі уақытта көп тіл білу – өнер. Оның
ішінде, үштілді білу – үлкен өнер. Заманауи озық
технологиялардың тілін білетін жастар ағылшын
тілін жетік меңгереді. Халқымызда «Тіл тағдыры – ел
тағдыры», «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл»
сияқты мақалдарда да кездеседі.
1. Қанша тіл «ең ұлы» тіл болып саналады?
2.Ғалымдар соңғы кезде дүниежүзінде неше тіл бар
екенін анықтады?
3.Дүниедегі барлық аударма шығармаларының 15%-ы
қай тілде?
4. Қазіргі уақыттағы заман талабы не?
Answers & Comments
Ответ:
1)13 тіл
2)6000
3)француз
4)көп тіл білу
Ответ:
1) Үш тіл ең ұлы тіл болып саналады
2) Ғалымдар соңғы кезде дүниежүзінде алты мыңға (6000) жуық тіл бар екенің анықтады.
3) Дүниедегі барлық аударма шығармаларының 15%-ы француз тілінде.
4) Қазіргі уақытта көп тіл білу адамның мүмкіншіліктерің арттырады. көп тіл білу, шет тілдерін үйрену - қазіргі заманның талабы болып табылады