1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтінде көтерілген мәселені өз сөзіңізбен талдап түсіндіріңіз және дәлелді жеке
көзқарасыңызды білдіріңіз. Көзқарасыңызды білдіруде төменде берілген дайын тіркестерді
қолданыңыз.
Қажетті сөздер: менің ойымша, демек, қалай болғанда да, өкінішке орай, меніңше,
біріншіден, қорытындылай келе... т.с.с.

[10]
«Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол
инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен
ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Әлемдегі ең
танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс
кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары
Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей
ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең
үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.
Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61
миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам
мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық
құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан
астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.

2-тапсырма
1. Үстеудің мағыналық түрлерін қатыстыра отырып, еркін тақырыпта мәтін құрастырыңыз.
______________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[10]

3-тапсырма

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан
ауытқымай, тыныс белгілердің орынды қойылуына назар аударыңыз.

[10]
1) Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады деген пікірге келісу-
келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз.
2) Қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? Көтерілген
мәселе бойынша келісу, келіспеу пікіріңізді білдіріп, нақты мысалдармен дәлелдей жазыңыз.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.