1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Тақырыбы мен негізгі ойды анық-
таңдар.
Олимпиада
Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша, Олимпиаданың эмбле-
масы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады. Олар көгілдір,
қара, қызыл (жоғарғы қатары), сары және жасыл (төменгі қатары)
түстен құралады. Бұл бес құрлық спортшыларының «Олимпиадалық
қозғалысқа бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күш
жұмсайық!» деген ниетін аңғартады. Мұнда сонымен бірге «Читиус»,
«Альтиус», «Фортиус» (жылдамырақ, биігірек, күштірек) ұраны да
бар. Сондай-ақ мұнда 5 сақинамен бірге, олимпиаданың өткен жылы
және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады.
Бірінші олимпиада жалауы 1914 жылы Парижде көтерілді.
Олимпиада алауы ертедегі олимпиадалық ойындар өткен Грекиядағы
Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін факелді
эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Олимпиадалық ойындар
басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұта-
тылады. Осы от ойындар аяқталғанша жанып тұрады. Мұндай дәстүр
1936 жылдан бері жалғасып келеді.
с. Шаманбаев
Answers & Comments
Ответ:
тақырыбы Олимпиада алауы деп атасақта болады.Себебі бұл жерде Олимпиада алауы туралы мағына қатты ашылып тұр.Және де айта кетсек Олимпиада болғанда алаудан бөлек жалау жа болады. Олимпиадада көптеген қызық қана ойындар болмай әртүрлі дәстүрлерде орындалады.Ал бұндай дәстүр 1936 жылдан бері жалғасып келеді