1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз. _____________________ Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді. – Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл. – Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі. – Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл. – Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі. – Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл. Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді. – Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл. – Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді. 2-тапсырма Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз. Кейіпкер Әрекеті Түлкі Орман ішінде жүріп келе жатады. Жерге түсіп сөйлесуге қорқады. Қырғауыл Жан-жағына қарамастан қашып кетті. Бұйрықты естіп қуанады. 3-тапсырма Мәтіннен жалпы есімдерді (5 жалпы есім) теріп жазыңыз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ 4-тапсырма Берілген тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз. Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді, қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




пожалуйста помогите срочно все баллы отдам ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.