1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.

Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне қарсы аз ғана әскерін қалдырып, кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырып, сертін орындаған екен.


__________________________________________________________________________

2-тапсырма.
Берілген ақпараттарды ретімен қойыңыз

Ақпарат
Реті

А) Массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді.
1-

В) Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді.
2-

С) Бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді
3-

3- тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру
1. Ешкім, ештеңе есімдіктің қай түріне жатады. 
A) Сұрау. 
B) Өздік. 
C) Жалпылау. 
D) Болымсыздық. 
E) Белгісіздік. 

2. Қашан, қайда, қай – есімдіктің қай түріне жататынын анықтаңыз. 
A) Сұрау. 
B) Сілтеу. 
C) Белгісіздік. 
D) Болжалдық. 
E) Өздік. 

3. Сілтеу есімдіктерін белгілеңіз. 
A) Кім, не, кімдер. 
B) Сіз, сендер. 
C) Өзің, өзіңіз. 
D) Бұл, сол, мына. 
E) Мен, сен, ол. 
пж быстро у меня до 3 ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.