1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен бірге жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. А дәрумені сәбіз, қызанақ, балық майы, жұмыртқа, сары майда болады. В дәрумені бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балықта кездеседі. С дәрумені қызанақ пияз, картоп, капуста жеміс-жидектерде толы. Д дәрумені өте пайдалы. Ол саңырауқұлақ, балық майы, жұмыртқада кездеседі. Е дәрумені күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады.
Адамға белгілі бір мөлшерде тамақ керек. Күніне 4-5 рет тамақтану қажет. Сонымен бірге маңызды ережелерді есте сақтаған жөн. Асқазанда артық тамақпен ауырлатпа. Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеме. Дастарқан басында жақсы көңіл-күймен отыр. Маңайыңдағыларға астарының дәмді болуына тілек білдіруді ұмытпа. Ас дайындаған адамға алғысыңды білдір.
1. Мәтінге қатысты дұрыс ақпаратты анықта.
дұрыс бұрыс
1. Адам күніне 4-5 рет тамақтану қажет.
2. Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеуге болады.
3. Д дәрумені саңырауқұлақ, балық майы, жұмыртқада кездеседі.
4. Адамға дұрыс тамақтана білу қажет
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтаңыз
.......................................................................................................
3-тапсырма. Мәтін мазмұнына қатысты мақалды табыңыз.
А) Бірлік болмай – тірлік болмас.
Б) Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
В) Жаман достан жақсы дұшпан артық.
Г) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
4-тапсырма. Берілген тақырыптың бірін таңдап, әдеп нормаларын сақтап, диалог құрастырып жазыңыз.
1. «Денсаулық – зор байлық»
2. «Ас адамның арқауы»
3. Фастфуттың зияны
Answers & Comments
Ответ:
білмейм брат өзін бір chrome на іздедінба