1-тапсырма Мәтінді тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. Ғарышта — одан тым алыста Оле-Лукойе, жоғары өрлей берсек, қайда баратынымызды білесің бе?- деп қыңқылдады тағы да Дастан, алғаш қы сұрағын қайталап, – Әрине, аспанға — Аспан емес, ғарыш қа де. – Ғарыш деген не? — Ғарыш деген де аспан, айырмасы — Жерден жырақ, алыста мен ешқашан болған емеспін. – деп Оле-Лукойе шынын айтты. – Қаласаң, барайық. Олар биіктей берді. Биіктей- биіктей көрінбей кетті. Кенет күйме-шана жer- жеңіл боп, ал аттары мақтадан жасалған ойыншықтай қалықтап, бұлардың өздері де отырған орындарынан ажырап, бейне су ішінде жүргендей жеңілдеп сала берді. Оле- Лукойе қатты састы, жалма-жан қарманып Дастанның қолынан ұстамақ боп еді, саусағы шалғайына әзер ілікті. Оле-Лукойе, бекем бол, біз салмақсыздыққа тап болдық! Бері жақындап, қолымнан ұста! Міне, сол қолым. Ажырап кетсек, мәңгі бөлiнгенiмiз дей бер. Таяқшаңды түсіріп алма! – деп дауыстады Дастан Оле-Лукойе Дастанның қолынан тас қьш ұстап алды. — Міне, осылай. Енді орындыққа отыруға тырысайық. Бірін-бірі сүйемелдеп шанаға қанша отырмақ болғанымен салмақсыздык оларды жайғастырар емес. Дастан делбенің бір ұшымен екеуін шанаға байлап қойды – Біз енді жерді айналып, осылай қалықтап ұша береміз, ұша береміз. Ғажап қой, ә. ! 1) Мәтіннің кейіпкерлері өздерінің салмақсыздыққа тап болғанын қалай анықтады? 2) Дастанның «таяқшаңды түсіріп алма» деуінің сыры неде деп ойлайсың? 3) Мәтіннің негізгі бөлімінің мазмұнын I жаққа өзгертіп, қысқаша баяндап бер
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1)Кенет күймешана жеп-жеңіл боп, ал аттары мақтадан жасалған ойыншықтай қалықтап, бұлардың өздері де отырған орындарынан ажырап, бейне су ішінде жүргендей жеңілдеп сала берді.
2)Себебі Дастан Оле-Лукойеге ажырап кетсек мәңгі бөлінгеніміз дейді.Қысқасын айтқанда Дастан Оле-Лукойеді жоғалқысы келмейді және таяқшаны жоғалтып алса, шынайы өмірге қайта орала алмай қалуы мүмкін.
3) Біз биіктей бердік. Бір кезде өзіміздің де, аттарымыздың да жеңілдеп кеткенін байқадық. Біз салмақсыздыққа тап болғанымызды түсіндік. Енді бір-бірімізден ажырап қалмауды ойладық.Қолдарымызды тас қылып ұстап алдық да,делбенің бір ұшымен өзімізді шанаға байлап қойдық.
Объяснение:
дұрыс
правильно спс