1-тапсырма (прочитайте текст, ответьте на вопросы)
Ерлік пен батырлық
Ерліктерімен көзге түскен қазақтың ұл қыздарының ерлігіне бар әлем тәнті. Аспанда өртенген әскери ұшағын әдейі жаудың топтасқан қар қоймасына құлатып, ерлікпен қаза тапқан Нұркен Әбдіров пен жаудың жалын атқан от ұясын өз денесімен жауып, жауынгерлерге жол ашып, қаһармандық көрсеткен Сұлтан Баймағанбетовтің ерліктері жүректі елжіретеді. Қазақтың қос батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың қарумен де, қаламмен де жауға қарсы күрескен Бауыржан Момышұлының ерліктері бізге өнеге. Қазақ даласы үшін бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгілген жоқ. Елін сүйген ерлердің ерлігі халық жадынан ешқашан өшпейді. Қазір біздер өз алдына тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жетіп отырғанымыз - ел үшін күресте ерлікпен қаза тапқан ағалар мен батыр апаларымыздың арқасы. Олар бұл соғыста: «Өз Отанымызды жау шеңгеліне бермейміз!»- деп алға ұмтылды. Соның ішінде «жаным-арымның садағасы» және «халқым үшін қасықтай қаным пида» деп ұрандаған қазақ батырларының бірі – Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқының тарихында ержүрек, батыр, патриот ретінде мәңгілікке жатталып қалмақ! Қазіргі ұрпақтың да дәл осындай ерліктің айшықты көрінісін көрсетіп жүргендері баршылық. Әрине, қазіргі бейбіт заманда ата бабамыздың жасаған ерліктері бүгінгі келешек ұрпақтың көрсетіп жүрген батырлығымен тең түспейді. Алайда, қазіргі жас ұрпақтың ерлігі ретінде олардың Отан алдындағы борыштарын абыройлы ақтап, елінің атын бар әлемге паш етіп, әр кез оны жүрегінің түбінде сақтауын айта алар едім. Қазіргі таңда да қанша азаматтарымыз еліміздің тынышытығын сақтау мақсатында талай жанкешті әрекетке барып қаза тауып жатыр. Халқымыз ерлікті ерекше бағалайды. Бүгінге дейін ішкі істер органдары мен ішкі әскердің 877 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталса, 90 сақшы бұл марапатқа қаза болғаннан кейін ғана ұсынылған.
Сұрақтар:
1. Ерліктерімен көзге түскен қазақтың ұл қыздары кімдер?
2. Кімнің арқасында осындай тәуелсіз елде тұрамыз?
3. Халқымыз нені ерекше бағалайды?
4. Бүгінге дейін ішкі істер органдары мен ішкі әскердің қанша қызметкері марапатталды?
5. Қанша сақшыға бұл марапат ұсынылды?
Answers & Comments
Ответ:
1.Бұл жігіттер Нүркен Әбдіров пен Сұлтан Баймағанбетов
2.Нуркена Абдирова и Султана Баймаганбетова
3.Халқымыз ерлікті ерекше бағалайды. Бүгінгі күні Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің 877 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, 90 күзетші қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
4.Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің 877 қызметкері
бүгінгі күнге дейін марапатталды
5.90 сақшы
Объяснение: