1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, кім екенін анықта. Прочитайте предложения, определите, о
каком персонаже говорится и запишите ответы.
Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты
бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.
___________________________________
2. Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы
әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі
қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы. ____________________
3. Ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен.
Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен, тәртібі нашар
бұзық бала.________________________________________
4. Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Қожа ұнатпайды. Қожаны үнемі «Қара көже» деп
мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті
өз сыбағасын алады. _____________________
5.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол
адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.__________________
6. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан
қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда
қатарынан аудандық советке депутат етіп
сайланған._________________________________
7.Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі
алтын адам"._____________________________
Answers & Comments
1.Қожа
2.Жанар
3.Сұлтан
4.Жантас
5.Сәбира Майқанова
6.Қожаның анасы — Миллат
7.Анфиса Михайловна.