1-тапсырма.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
Отырар шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған қала. Тарихи жазбалар
авторларының айтуынша, ежелден бері Отырардағы кітапхананың даңқы жер
жарған екен. Мұнда қой терісімен қапталған қыпшақтар шежіресі, араб
дастандары, теріге жазылған кітаптар, балық қабыршақтарымен әрленген үнді
дастандары, мұсылмандар мен христиандардың өсиеттері, көркем және
Ғылыми таптар, өлеңдер жинақтары, дәріқағаздар, саяхатшылардың
жазбалары, діни әрі өте көне әдебиеттер әлемнің әр түкпірінен әкелінген
деседі. Ғалымдардың пайымынша, кітапхана қорында бабылдықтардың
қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түркі, парсы, қытай, грек, еуропа
тілдеріндегі кітаптар болуы әбден мүмкін. Ал ғұндардың өздері өз тілінде
жазбалар қалдырып, географиялық карта сызған деседі. Бұл кітапханада ежелгі
сына жазумен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап,
ортағасырлық Еуропа, Араб және Қытайдың көрнекті ғалымдарының
шығармаларына дейін жинақталыпты. Ғасырлар тоғысында кітаптар қоры
әлемнің әр түкпірінен мыңдаған әдебиеттермен толыға берді. XII ғасырдың
аяғында Отырар кітапханасы атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең ірі
кітапханаға айналды дейді көне шежірешілер.
Отырар кітапханасының байлығы
Отырар халқы
Еуропа, Араб және Қытайдың көрнекті ғалымдары
Үнді дастандары​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.